Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты

0
1 032

Дәрігерлер қарт кісіден коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған.


Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты

Шымкентте 80 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дәрігерлер қарт кісіден коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған.

Нәтижесінде әжейді емдеу кезінде асқынулар болмаған. Cонымен қатар, медицина мамандары 7 айлық жүктілік кезеңіндегі әйелден коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізген.

Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған келіншектің жағдайы жақсарып, 7 маусым күні ауруханадан шығарылған. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше наурыз айынан бері үшінші мегаполисте COVID-19 1176 жағдайы тіркелген.

Олардың арасында халықаралық жүк тасымалының жүргізушілері мен Польшадан ұшып келген жолаушы, Ресей Федерациясынан келген азаматтар мен сонда жұмыс істеп жүргендер бар.