Ұзақтығы 3 ай мерзімді құрайды.
Шымкент қаласында «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйытқы болуымен 35 жұмыс беруші мекеме 800-ге жуық кәсіби маман даярлауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жұмыссыз азаматтар еңбек нарығында сұранысқа ие жиһаз құрастырушы, кең профильді шебер құрылысшы, электрик, дәнекер, токарь, шаштараз, маркетинг-мерчендайзер мамандықтарын тегін меңгеруде.
Оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге сертификат табысталып, жұмыс берушілер оларды әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті.