Шымкентте айналма жолдар мен тағы да "Сергек" камералары пайда болады

0
1 361

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқарма басшысы Қуатжан Жұматаев​ брифинг өткізді.


Шымкентте айналма жолдар мен тағы да

Шымкент қаласының көшелерінде төрт айналма жол пайда болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы қоғамдық көлік қызметімен қамту және жол құрылысы мәселелері жөнінде өткен баспасөз брифингінде мәлім болды.

"Кептелсін азайту мақсатында айналма жол құрылысы салынатын болады. Бүгінгі таңда Арғынбеков - Бәйдібек би көшелерінің қилысында құны 11 млрд. теңгеге салынатын болса, екінші айналма жол Қонаев - Рысқұлов көшелерінің қиылысында - құны 7 млрд.теңге болмақ. Үшінші айналма жол Сайрам - Жібек жолы көшелерінің қиылысында болжам құны 6 млрд.теңге, ал төртінші айналма жол Бәйдібек би - Төлеметов көшелерінің қиылысында орналасатын болады", - дейді Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқарма басшысы Қуатжан Жұматаев.

Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, кешкі уақыттарда М.Дулати көшесіндегі, "Колос" аялдамасының маңы, Жібек жолы көшесінде және "Бекжан" базары маңында автокөліктердің тоқтауға тиым салынған жерлерде адам алып, қоғамдық көліктердің бағытына кедергі келтіру арқылы кептеліс жасап отырған көліктерге де шара қолданылатындығын жеткізді.

"Аталған жерлерде көптеген кептелістер орын алады. Қазір біз "Сергек" мекемесімен бірге жұмыс атқарып жатырмыз. Яғни, сол жерлерге "Сергек" қоюды жоспарлап отырмыз", - дейді Қуатжан Жұматаев.