Шымкентте әлеуметтік дүкендер саны көбейіп жатыр

0
1 152

Бүгін «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкені ашылды.


Шымкентте әлеуметтік дүкендер саны көбейіп жатыр

Шымкентте әлеуметтік дүкендер саны артуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі М.Әйтенов Шымкент қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді айтқан болатын.

Бүгін азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында 18 шағын ауданы, Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан қаладағы екінші «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкені ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары А.Саттыбаев пен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қаламызда бірінші «Әлеуметтік дүкен» 11 шағын ауданы, Елшібек батыр көшесі, №116 мекен-жайында ашылған болатын.
Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерінен ерекшелігі - халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатуы.
Айта кетейік, қаламызда азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін қаламыздағы ірі шаруашылықтың бірі мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн. теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген болатын.
Келісімшарт негізінде алдағы уақытта шаруақожалық жоспарға сәйкес қаламыздың халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін қосымша тағы 3 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда тіркемелерін іске қосуды жоспарлауда. Онда әдеттегідей көкөніс және ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.
Ал, шаруашылықтың бүгінгі алғашқы ашылған жалпы аумағы 70 шаршы метрді құрайтын «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл дүкен алдағы уақытта қаламыздың тұрғындарын сапалы әрі белгіленген бағада азық-түлік өнімдерін сатып алуына өз септігін тигізері сөзссіз.