​ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

0
975

Тұрғындар бүгінде ұн, нан, рожки, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен толық қамтамасыз етілуде.


​ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен «Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС-де болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар қоймасының жұмысын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жергілікті халық бір жылда 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Қазір қала аумағында халық жиі тұтынатын өнімдерден тапшылық байқалмайды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы да бақылауда.

Көтерме сауда қызметімен айналысатын ірі дистрибьютор - «Meir-Trade Dirstibution Company» серіктестігінің қоймасы 2 600 шаршы метрді алып жатыр. 2013 жылы іске қосылған нысанда қазір 100 адам жұмыс істейді. Қоймада қант, ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, тұз, макарон және кондитерлік өнімдер сақталады.
Тұрғындар бүгінде ұн, нан, рожки, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен толық қамтамасыз етілуде. Қалған тауарларды қаламызға «Каис Инвест», «Ас-Ан» кәсіпорындары, «Сидельников» жеке кәсіпкерлігі, «Прима Дистрибьюшн» және «Meir-Trade Dirstibution Company» серіктестіктері секілді ірі дистрибьютерлік желілер жеткізуде.
Қала әкімі жауаптыларға тауарларды жеткізу барысында өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп, бағаны тұрақтандыру тетіктерін назарда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ сауда-логистикалық орталығында салынып жатқан көкөніс сақтау қоймасына инвестициялық-субсидиялау бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.