Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды өткізу барысында аса ірі мөлшерде қаржы ұрланған

0
828

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.


Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды өткізу барысында аса ірі мөлшерде қаржы ұрланған

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

“Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады”, - делінген жазбада.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.