Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев брифинг барысында мәлімдеді.
Шымкентте әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйіне газ дабылдарын орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев брифинг барысында мәлімдеді.
"Бірінші кезеңде халықтың әлеуметтік осал топтары арасында профилактикалық жұмыс. Бүгінгі күні профилактикалық іс-шаралар барысында 5 164 адамнан тұратын барлық әлеуметтік осал отбасылар түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. Екінші кезеңде жақханалар мен жатақхана ретінде қайта салынған үйлерде профилактикалық жұмыс. Профилактика шеңберінде пәтер тұрғындары арасында 3 862 адамды қамти отырып, газ жүйесіне қосылмаған жиырма шағын отбасылық жатақхана мен он жеті жатақхана арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал үшінші кезеңде жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Бұл ретте 33 459 адамды қамтыған 6 327 үйге барып түсіндіру жұмыстары мен 12 300 адамды қамтыған 233 жиын ұйымдастырылды», - деді азаматтық қорғау полковнигі А.Бейсембаев.
Сонымен қатар, аталған департаменттің бастамасымен газ дабылдарын сатып алу және орнату бойынша жергілікті атқарушы органдар мен демеушілер арасында меморандумға қол қойылып, қазіргі уақытта департамент қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде осы газ дабылдарын орнату бойынша жұмыс жүргізуде.