Шымкентте әр жексенбіде азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі

0
479

Әр жексенбі сайын 192 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.


Шымкентте әр жексенбіде азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, Қаратау ауданындағы 16 ірі сауда үйінде мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әлімқұлов «akimat_shymkent» парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.
Аудан аумағында әр жексенбі сайын Нұрсәт ш/а «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында 192 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі.
Аталған жәрмеңкелерде аудан әкімдігінің қызметкерлері әр апта сайын карантин талаптарын сақталуын, таңғы 8:00-ден 15:00-ге дейін қатаң талаппен қадағалауда.
Сонымен қатар, Қаратау ауданы тұрғындарын сапалы, төмен бағада халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы Төле би, Ордабасы аудан әкімшілігімен меморандум түзіліп сауда орындары берілді.