Шымкентте Араб Әмірліктерінің бас консулдығы ашылады

0
361

Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе жүргізілмек.


Шымкентте Араб Әмірліктерінің бас консулдығы ашылады

Шымкент қаласында Араб Әмірліктерінің Бас консулдығы ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе жүргізілмек.

Бұл туралы Шымкент қаласы Туризм және сыртқыбайланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров брифинг барысында мәлімдеді.

Ерлан Ермекұлының сөзінше, Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік әлеуетін таныстыру мақсатында сыртқыбайланыстарды дамытудың маңызы зор. Осы ретте, шетелдік дипломатия өкілдерімен және компаниялармен де біршама нәтижелі кездесулер өткен. Қазіргі таңда Шымкент 10 қаламен бауырласқатынас орнатса, жыл соңына дейін қосымша 7 қаламен ынтымақтастық құруды жоспарлауда. Оның ішінде: Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзірбайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары бар.

“Бірінші жартыжылдықта «Наурыз» және «Қала күні» сияқты мерекелер аясында «ДәмДәсTour», «Балмұздақ фест» гастрономиялық фестивальдерінен тұратын оқиғалар қатарын қалыптастыруға баса назар аударсақ, ал күзде талантты жастар мен туристік бизнесті қолдау үшін имидждік іс-шаралар құруда үлкен жоспарларымыз бар. Осы кезеңде «Shymkent Mobilography Fest» фестивалін, «Shymkent Tourism Awards» конкурсын, цитадельде лазерлік шоу, қолөнершілерді қолдау аясында «Этно Шымкент» фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз”, - деді Ерлан Ермекұлы.
Айта кетейік, Шымкент қаласына келуші туристер саны 6 айлық көрсеткіш бойынша 216 249 адамды құраған. Ал «экспресс-статистикалық» ақпаратқа сәйкес 9 айда шаһарға 300 000-ға жуық турист келетіні күтіліп отыр. Жалпы туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы республикада Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінгі үшінші орында. Шет мемлекеттерден келетін туристердің басым бөлігін Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Қытай азаматтары құрайды. Туристер санының артуына Шымкент қаласынан тікелей бағыттағы әуе рейстердің көбеюі тікелей әсер етеді. Оның ішінде ішкі рейстер Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей және Қостанай қалалары және Халықаралық бағытта Стамбул, Мәскеу, Анталия және Кутаиси қалаларына жүруде.