Шымкентте ашық аспан астындағы амфитеатр құрылысы басталады

0
1 858

Шымкент қаласындағы «Ескі қалашықта» оң өзгерістер орын алмақ.


Шымкентте ашық аспан астындағы амфитеатр құрылысы басталады

Е.Айтахановтың төрағалығымен «Шымкент қалашығы» жобасы бойынша Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған кеңесте Шымкент қалашығын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы Мәскеу қаласы халықаралық сәулет академиясының профессоры, ҚР монументалды ескерткіш жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі, жоба авторы Агитаев Садуақас Сахиұлы баяндады.


Оның айтуынша, 2019 жылдың соңына дейін «Ескі қалашықтың» жоғарғы бөлігінің жұмысы аяқталып, келесі жылдың наурыз айына дейін қалашықта табылған экспонаттардан тұратын мұражай-экспозициясы әзірленетін болады. Ал, желтоқсан айында бекініс қабырғалары бар Оңтүстік қақпаларын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, сол жерде 200 шаршы метрге Визит-орталығын орналастыру жоспарлануда және Оңтүстік қақпалар алдындағы алаңды абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілетін болады.


Сонымен қатар, Қараханид кезеңі мен Қазақ хандығының тұрғын кварталдарын мұражайландыру жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылы батыс, солтүстік және шығыс бекініс қабырғаларын қалпына келтіру жұмыстары жалғасады және 550 орындық амфитеатр құрылысы басталады.


Сондай-ақ, аталған жиын қорытындысында қала әкімі Ерлан Қуанышұлы Шымкент қалашығының тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оны қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін жағдай жасау қажеттілігін атап айтты.