Оқиға Пахтакор шағынауданында болған.
(фото: иллюстарциялық)
Шымкентте атыс болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Еуразия» телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға кешкі уақытта болған. Көшеде ойнап жүрген балалар ересектерге келіп, жол бойында екі адамның өлі денесі жатқанын айтқан. Оқиға орнына дереу полциия шақырыпты.
Белгілі болғандай, оқ атқан адам сол шағынауданда тұрады екен. Ол үйінен қару алып шығып, көшеде көлікте отырған екі ер адамды атып тастапты. Артынша үйіне кіріп әйел адамды өлтірген. Соңында өзіне оқ атып, өмірмен қоштасқан. Әзірге көз жұмған әйелдің оған кім болатыны анықталған жоқ.
Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.