Ойын алаңшада өткен жарыста қатысушар асық ату, кермеге тартылу, қақпаға топ тебу, баскетбол торына доп салу және секірмек түрлері бойынша сайысқа түсті.
Шымкент қаласы Тоғыс тұрғын алабында «Аула чемпионаты» ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Игі бастама елді мекен жастарын бұқаралық қол жетімді спорт түрлерімен айналысуға шақыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттап, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Чемпионатта елді мекеннің 200-ге жуық 4 жастағы балақайдан 17 жасқа дейінгі жасөспірім қатысты.
Ойын алаңшада өткен жарыста қатысушар асық ату, кермеге тартылу, қақпаға топ тебу, баскетбол торына доп салу және секірмек түрлері бойынша сайысқа түсті.
Жеңімпаздарға диплом мен медальдар табысталды.
Қалалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы осындай аула жарыстарын өзге де аудандарда ұйымдастыратынын жоспарлап отыр.