Оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді.
Үшінші мегаполисте ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Досқараев Айдын Еділханұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіп отыр.
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы үш компанияның бірігуі арқылы ауылшаруашылығын дамыту бағытында нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда:
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өз тарапынан инвестициялық жобаларды, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын кредиттеу, екінші деңгейлі банктерді (ЕДБ), микроқаржылық ұйымдарды (МҚҰ), лизингтік компанияларды қорландыру және сақтандыру саласындағы оператор рөлін атқарады;
- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ микрокредит беруді жүзеге асырады;
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Айта кетейік, 2001 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес құрылған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып саналады.
Корпорацияның негізігі мақсаты қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу.