​Шымкентте ауылшаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды

0
941

Жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы аудандарының тауар өндірушілері қатысты.


​Шымкентте ауылшаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды

Шымкенттегі эпидахуалдың тұрақтала бастауына байланысты қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жәрмеңкені ұйымдастырудың негізгі мақсаты - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу болып табылады.
Шымкент қаласының ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы аудандарының тауар өндірушілері қатысты.
Жәрмеңке барысында ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер қала тұрғындары мен қала қонақтарына ет, сүт өнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен ұсынды.
Айта кетейік, жәрмеңке барысында карантин талаптары қатаң сақталып, дезинфекциялық өткелдер орналастырылып, төтенше жағдай, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды.
Алдағы уақытта ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өз жалғасын табатын болады.