Қала әкімі халық өтінішін ескеруді тапсырған болатын.
Шымкент қаласында балалар ойын алаңшаларын салуға басымдық беріліп, сапалы атқарылуы үшін қала әкімі бақылауына алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барды. Мұнда Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның А.Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты. Мердігер мекеме “Ынтымақ Бес Арыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан ойын алаңшасы мемлекет қаржысы есебінен 23,5 миллион теңгеге тұрғызылуда. Мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыруды жүктеді.
Сонымен қатар, биыл Құрсай шағын ауданында да 6 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған.
Айта кетейік, 2023 жылы Тұран ауданы бойынша барлығы 20 балалар ойын алаңшасы, 12 спорт алаңшасы пайдалануға берілетін болады.
еске сала кетсек, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы аудан әкімдіктерімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы қолға алынған еді. Аудан әкімдігі тарапынан халық қатысатын бюджетті әзірлеудің Ережелері мен Сараптамалық кеңестердің құрамы бекітілген.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер, ұсыныстар қабылданады. Жалпы жобаны жүзеге асырудың 3 кезеңі бар. Біріншіден, сайт арқылы тұрғындардан ұсыныстар жинақталады. Яғни, тұрғындар аудан әкімі аппараты құзыретіне кіретін салалалар бойынша талап-ұсыныстарын жіберуіне мүмкіндігі бар. Аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, т.б., мәселелер бойынша ұсына алады. Жобаға ауданда тіркелген кез келген азамат қатыса алады.