Шымкентте базар жастары арасындағы кіші футбол сәнге айналып келе жатыр

0
911

Шымкент қаласының саудагерлері салауатты өмір салтын ұстанады.


Шымкентте базар жастары арасындағы кіші футбол сәнге айналып келе жатыр

Шымкенттік базарларда жұмыс істейтін 18-29 жас аралығындағы жастар әр дүйсенбі кіші футболда бас қосады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтсақ, командалық құраммен өтетін тартысты сайыс түрі апта сайын тұрақты түрде Жастар ресурстық орталығының Аутрич, NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп келеді. Сондай-ақ, аталған қызметкерлер базар басшылығымен келіссөздер жүргізіп, турнирді дәстүрлі түрде өткізуді жолға қойған.

Жастар орталығы мамандарының айтуынша, кіші-футбол турнирі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Нәтижесінде, бүгінгі таңда қатысушылар арасында тұрақты байланыс орнап, оларды ынталандыру мақсатында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестіріліп отырады.


Айта кетейік, жалпы жыл басынан бері осы жоба аясындағы турнирлерге 1000-ға жуық адам қатысқан. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын артып, қызығушылық танытқан жастар саны көбейіп жатқан көрінеді.