Шымкентте бес ауданның мекенжай тіркелімі енгізіліп жатыр

0
913

Ақпараттық жүйеде Тұран ауданы бойынша мекенжайлар тұрақты беріліп келеді.


Шымкентте бес ауданның мекенжай тіркелімі енгізіліп жатыр

Үшінші мегаполисте өткен жылдың соңында жаңа Тұран ауданы құрылған болатын. Осыған байланысты бүгінде 5 ауданның шекарасы нақтыланып, әр аудандағы мекенжайлар «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тиісті өзгертулер бойынша енгізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, осы ақпараттық жүйеде Тұран ауданы бойынша мекенжайлар тұрақты беріліп келеді.

Бүгінгі таңда қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде. Атап айтқанда, Бозарық, Бозарық-2, Бозарық-3, Асар-2 шағынаудандары.
Ал, әкімшілік-іскерлік орталықтың егжей-тегжей жоспарлау жобасына сәйкес, 481,1 га аумаққа әкімшілік, көп салалы мәдени, оқу-ағарту және басқа да халыққа қызмет көрсету ғимараттары, көп қабатты тұрғын құрылыс нысандары салынып, игерілуі толық аяқталуда.