Шымкентте бес жасар бала 2 қабаттан құлап кетті

0
454

Баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде.


Шымкентте бес жасар бала 2 қабаттан құлап кетті

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында бес жасар бала 2 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
08 тамыз күні сағат 22:30-да Әл-Фараби ауданы Терешков көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туылған бала 2 қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлық дәрежеде.
Шымкент қаласы бойынша балалардың құлауымен 3 жағдай тіркелді, оның ішінде 1 бала жарақат алды, 1 бала қайтыс болды, қазіргі уақытта 1 баланың жағдайы орташа. Өткен жылмен салыстырғанда осы кезеңде терезеден құлаумен байланысты жазатайым оқиғалар санының өсуі байқалады