Шымкентте білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

0
722

Шараға Департамент өкілі Ж.Әлжанова, қалалық білім басқармасының басшылығы және 130-дан астам білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.


Шымкентте білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға Департамент өкілі Ж.Әлжанова, қалалық білім басқармасының басшылығы және 130-дан астам білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Онлайн шара барысында Жазира Әлжанова бүгінгі жиынның басты мақсаты – жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау, ата-аналардан, оқытушылардан заңсыз ақша жинауды тоқтату мәселелерін кеңінен талқылау екендігін атап өтті. Сонымен қатар, спикер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Департамент өкілі парақорлық үшін жауапкершіліктің күшейтілгенінен хабардар етіп, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.
Күн тәртібіндегі мәселе барысында қалалық білім басқармасының өкілдері 2021-2022 оқу жылының аяқталуына, мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру, өткізу барысына, мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ, қатысушылар алдағы мерекелерді ескере отырып, сыйлық алмауға және бермеуге, мұғалімдерге сыйлықтар беруге ақша жинамауға шақырылды.