Қазіргі таңда жаппай улану оқиғасы бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық іс қозғалды.
иллюстрациялық фото: unian.net
ERNUR.KZ. Шымкенттегі дәмханалардың бірінде 11 адам тағамнан уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Оқиға Шымкенттегі кафелердің бірінде орын алған. Кезекті отырыстан соң денсаулығы нашарлаған ересек адамдар ауруханаға түсе бастаған. Уланған азаматтардың дені "Шымкет қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына "өткір ішек инфекциясы" диагнозымен келіп түскен.
«Бүгінде науқастардың жағдайы қалыпты. Зардап шеккендердің біреуі ауруханадан шықты", -дейді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Қазіргі таңда жаппай улану оқиғасы бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық іс қозғалды. "Улану" диагнозымен түскен тұрғындарға қатысты полицейлер "Санитарлық ережелер мен гигиеналық талаптарды бұзу" бабы бойынша іс тіркелді.
«Дәл қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.