Шымкентте биыл 500 адамға тұрғын үй сертификаты беріледі

0
651

Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек.


Шымкентте биыл 500 адамға тұрғын үй сертификаты беріледі

Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сертфикат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2-10-20», «5-10-20» және «7-20-25» бойынша тұрғын үй сатып алу барысында және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде 1 млн теңге беріледі.
Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек.
2021 жылы бюджет есебінен 416 тұрғын сертификаты өтеусіз көмек ретінде үлестіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан.
Осы жылға арналған тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау әлі басталмады. Алдын-ала БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарланатын болады.
Айта кетерлігі, «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет бойнша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін әр бір азаматтың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы тиіс.