Шымкентте бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті

0
1 397

Кездесуге кәсіпкерлікті дамыту саласындағы сарапшылар қатысты.


Шымкентте бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті

иллюстрациялық фото: econet.ru

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» атты кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ғимаратында кәсіпкерлік пен бизнес-инфрақұрылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбында бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізілді.

фото: Ә.Әссанди

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму; Қаржы; Халықты еңбекпен және әлеуметтік қорғау; Энергетика; Әділет министрліктері, Алматы қаласының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП; «ДАМУ»; «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК»; «ҚазАгроҚаржы»; «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»; «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері мен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы сарапшылар қатысты.