ШЫМКЕНТТЕ ​БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТЫ ОТАСЫЗ ЕМДЕЙТІН АППАРАТ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
224

Литотриптер «Compact Sigma» аппаратының көмегімен ақ халаттылар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына бүгіннен бастап медициналық қызмет көрсетуді бастады.


ШЫМКЕНТТЕ ​БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТЫ ОТАСЫЗ ЕМДЕЙТІН АППАРАТ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханасындағы (Роща) Литотриптер «Compact Sigma» аппараты күрделі жөндеуден өтіп, толық көлемде іске қосылды.

Аталған медициналық құрылғының көмегімен дәрігерлер бүйректе немесе несепағарда орналасатын кіші тастарды операциясыз алып тастайды.

Аппаратты іске қосу үшін қала әкімідігі мен мәслихат депуттары тарапынан зор көмек көрсетіліп, нәтижесінде медициналық техниканы жөндеу үшін «Қайырымды қала» қорынан 28 302,2 мың теңге қаржы бөлініп, құрылғының қосалқы бөлшектері сатып алынды.
Литотриптер «Compact Sigma» аппаратының көмегімен ақ халаттылар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына бүгіннен бастап медициналық қызмет көрсетуді бастады.
Литотрипсия бүйректе немесе несепағарда орналасатын кіші тастарды жою үшін қолданылады. Ем-шара тастарды жарықшақтарға бөлу үшін дыбыстық немесе соққылық толқындарды қолдануға негізделген. Бұл жарықшақтар организмнен несеппен шығарылады. Ем-шара дистанциялық соққылық-толқындық әдіспен жүргізіледі.
Айта кетейік, қашықтан соққы толқыны литотрипсияға қажеттілік шамамен жылына 880-920 науқас медициналық көмекке жүгінеді, оның ішінде босанғаннан кейінгі және мүмкіндігі шектеулі науқастарға да көмек беріледі.
Науқастардың сауығуына зор септігін тигізетін аппараттың қайта іске қосуына қаржы бөліп, мүмкіндік жасаған «Қайырымды қала» қорына Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы атынан алғысын айтады.
Бөлісу