Шымкентте демеушілердің есебінен жалғыз басты және көпбалалы аналарға 45 пәтер берілді

0
964

«MEYIRIM.KZ» порталы арқылы 1246 отбасыға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік заттарымен көмек көрсетілген.


Шымкентте демеушілердің есебінен жалғыз басты және көпбалалы аналарға 45 пәтер берілді

Шымкент қаласында пилоттық режимде «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық электронды порталы жұмысын істеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бас қалада баяндама жасаған қала әкімі Ерлан Айтаханов айтып берді. Қазіргі таңда, Шымкент қаласында пилоттық режимде «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық электронды порталы жұмысын жасауда. Нәтижесінде, портал арқылы 1246 отбасыға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік заттарымен көмек көрсетілген. Сонымен қатар, демеушілердің есебінен жалғыз басты және көп балалы аналарға 45 пәтер берілген (Корпорация Сити Строй, КазМедеоГранд, Атамакен корпорациясы, А.Р.Т құрылыс, Отау – строй, Канфар-Бюлдинг ЖШС, Қорлар - Ізгілік Василия, Сайман).

Одан бөлек, Шымкентте 244 қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп, 5519 жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен көмір тағы басқада қаржылай көмектер көрсетілді.

Еске сала кетсек, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бастамасын іске асыру мақсатында Әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындары» атты атақты еңбегіне сүйене отырып, Шымкент шаһарына қала әкімі «Қайырымды қала» деген балама атау ұсынған. Тиісінше бұл ұсынысты қала тұрғындары да ерекше ықыласпен қолдауда.