Шымкентте екі оқушы сыныптас қызды зорлап, видеоға түсіріп алған

0
10 061

Не істерін білмей, әбден тығырыққа тірелген бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты.


Шымкентте екі оқушы сыныптас қызды зорлап, видеоға түсіріп алған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық соты сыныптас қызды зорлаған 17 жастағы екі бозбалаға қатысты істі қарауды аяқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, екі оқушы сыныптас қызды қорқытып, зорлап, болған жайтты видеоға түсіріп алған. Сондай-ақ, біраз күн өткен соң зорлықшылар бойжеткенді бопсалап, ақша, компьютер және ұялы телефон талап еткен. Алайда, қыз телефонын бергенімен, сыныптастарының басқа талабын орындай алмайды. Содан кейін, екі дос видеоны ғаламторға жариялаймыз деп қорқыта бастаған. Ал, не істерін білмей, қатты қиналған бойжеткен үйінде тамырын кесіп, өз-өзіне қол салмақ болыпты. Абырой болғанда, сол сәтте қыздың анасы үйге келіп, қызды құтқарып қалады. Одан кейін, жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, анасы полицияға арыз жазған.

Сот шешімі бойынша, сотталушылар кінәсін мойындамағанымен, олар айыпты деп танылды және кәмелеттік жасқа толмағандықтан, әрқайсысы бес жыл жаза мерзіміне кесілді. Айта кетейік, үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.