Шымкентте "Еңбек" бағдарламасы бойынша 4 мыңнан астам адам білім алған

0
1 158

Бүгінде мегаполисте барлығы 69 мың кәсіпорын бар.


Шымкентте

2019 жылы Шымкент қаласында «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 1400, «Бизнес бастау» жобасымен 2955 білім алған. Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3602 азамат 200 АЕК көлеміндегі гранттық қаржыландыруға мақұлданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019 жылы бизнесті қорғау бойынша Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасына 221 өтініш келіп түскен. Оның 193-і қаралса, 75-і оң шешімін тауыпты. Барлығы 854 млн теңгеге бизнес мүддесі қорғалды. Бұл туралы палата директоры мәлімдеді.

«407 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру ҚР Білім Министрлігі бекіткен әдістемеге сәйкес жүзеге асырылмағандығын анықтап, қалалық бюджеттен 294 млн.теңге қосымша қаржы бөлуге ықпал еттік.

«Фармация саласындағы бизнесті негізсіз тексеру жойылды – олар «НПО «Зерде» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «MedicalSupplyManagement» ЖШС.

Сондай-ақ, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының «ShymkentBus» басқарушы компаниясы» ЖШС автобустарын конкурссыз жібер утуралы заңсыз бұйрығы жойылды. Басқарманың 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Нұрлан Қабыштаев.


2019 жылы мемлекеттік сатып алудың жалпы соммасы 154 млрд. теңгені құраған.

Сатып алудағы жергілікті қамту үлесін тендер алдындағы бақылау аясында Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Комиссия құрылып, оның жұмыс регламенті бекітілген. Нәтижесінде бірнеше фактілер анықталыпты.

Отандық өнім өндірушілердің тауарларын алға жылжыту жөнінде туындаған проблемалар: бұл жергілікті өнімнің жоғары құны, сапасының төмендігі, импорттық шикізатқа тәуелділігі, бірқатар тапсырыс берушілермен бір көзден сатып алуды жүзеге асыру.

Палата директорының айтуынша, бірқатар сатып алуларды өз қызметтеріміз деп көрсеткенімен, нақты тауарлар сатып алынады екен.

Сонымен қатар, сатып алуларда отандық өнім өндірушілердің өнімдерін өткізуді қолдау және қамтамасыз етуде Палата қолдау білдіруде. Мемлекеттік сатып алу барысында 40-тан астам кәсіпкерге 203 млн.теңгеден астам қаржыға конкурстық құжаттар дайындалған.

Ал «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде Шымкент қаласы бойынша 2019 жылға 1916,0 млн.теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде 141 жобаға 2,1 млрд. теңге субсидия төленген.

Осы орайда, кәсіпкерлер палатасы 545 бизнес-жоспар әзірледі, оның 328 кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша 820 млн.теңге құрап отыр.

« Кәсіпкерлер палатасы 2019 жылы тауарды өткізу бағытында бірқатар жұмыстар атқарды. Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін қаладағы супермаркеттерге өткізуге жәрдемдесу арқылы 13 келісім шартқа қол жеткізіп, 35 жаңа жұмыс орнын құруға септігін тигізді. 39 кәсіпорынды сүйемелдеу арқылы 10 кәсіпорын 6 экономикалық-сауда мияссияларына қатысып, 8,6 млн. АҚШ долларына контракт түзді», - дейді Палата директоры.

Айта кетейік, Өңірілік кәсіпкерлік палатасы жұмыс берушілердің сұранасы бойынша жұмыссыздарды белсенді түрде оқыту мәселелесін қолға алуда. Бұл жөнінде 2018 жылдағы нақты жұмысқа орналастырудың ортақ көрсеткіші - 68 пайызды құраған болатын. Ал 2019 жылы "Еңбек" бағдарламасы бойынша 4005 адам оқытылыпты.

Сондай-ақ, адами капиталды дамыту бойынша қалалық 38 колледжде 64 мамандық бойынша 34 567 адам өз білімін алған. 10 688 бітірушінің 5 891-і, яғни 50 % астамы жұмысқа орналасқан.