Шымкентте ер адам жас қызға оның еркінен тыс үйленбек болған

0
1 806

Оған көнбеген қыз өзіне қол жұмсамақ болған.


Шымкентте ер адам жас қызға оның еркінен тыс үйленбек болған

Шымкент қаласында жас қыздың еркінен тыс өзіне әйелдікке алғысы келген ер адамның даулы қылмыстық ісі медиация тәртібінде қысқартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ер адам бұл пиғылын бірнеше рет іске асырмақ болған. Бұған көндіге қоймаған бойжеткен өз өзіне қол жұмсамақшы болған. Қыз баланы өз еркінен тыс зайыбы етпекші болған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін жеткен болатын. Даулы қылмыстық іс бітімгершілікпен аяқталды.

"Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында материалдық тәуелділігін пайдаланып, оның еркінен тыс өзінің жұбайы ету мақсатында, бас бостандығынан бірнеше рет айырып, жәбірленушінің өзіне қол жұмсауға дейін итермелеу фактісі бойынша қаралған қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды. Басты сот талқылауында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, оған келтірілген моральдық және материалдық зиянды өтегенін, өз кезегінде жәбірленуші сотталушыны кешіріп, оған қояр талабы жоқтығын алға тартып, істі медиация тәртібінде қысқартуды сұрады," - деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Тараптардың ортақ мәмілеге келуіне байланысты, іс Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының негізінде қысқартылған.