Шымкентте ерекше қайырымдылық марафоны өтті

0
2 150

Марафонға қатысу үшін төленетін ақша қаланы абаттандыруға жұмсалады.


Шымкентте ерекше қайырымдылық марафоны өтті

фото: sxodim.com

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында «Яркокросс» марафоны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk-uko.kz арнасына сілтеме жасап.

Яркокросс деп аталатын көңілді шараға шахардың көгалдануына бей-жай қарамайтын қала тұрғындары қатысты. Олар марафонда жүгіріп, түрлі-түсті бояуға малынды. Сонымен қатар, алаңда би билеп, мерекені көңілді өткізді.

Атап айтсақ, «Ярко кросс» – бұл түстер мерекесі. Бастауын Үндістандағы дәстүрлі Холи мерекесінен алған шара бұған дейін АҚШ, Португалия, Чили, Германия сынды мемлекеттерде жыл сайын өткізіледі.

«Маған яркокросс өте қатты ұнады. Алдыңғы жылы волонтер болдым. Алдыңғы жылы да қызық болған. Дендросаябақта өткен еді. Өте қызық болған. Күшті позитивті эмоциялар сыйлайды. Көптеген жаңа достар табасың өзіңе», - дейді ерікті Диана Рүстемова .

Айта кетейік, марафон жолағымен жүгіріп өткен қатысушыларға түрлі-түсті бояу шашылады. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Шараға балалармен бірге қариялар да қатыса алады. Сондай-ақ, марафонда жеңімпаз бен жеңілуші деген болмайды. Бастысы шараға қатысып, жаңа достар тауып, қайырымдылыққа үлес қосумен қатар ерекше көңіл-күйге бөлену.

Еске сала кетейік, «Яркокросс» республикалық жобасы ел көлемінде осымен алтыншы жыл өткізілуде. Қаламызда түстер мерекесі қайырымдылық шарасы ретінде осымен 4-ші рет ұйымдастырылды. Марафонға қатысу үшін төленетін ақша қаланы абаттандыруға жұмсалады. Осылайша шараға қатысушылар шахар экологиясының жақсаруына үлестерін қосуға мүмкіндік алды.

«Шараны жыл сайын белгілі бір тақырыпқа арнаймыз. Былтырғы шара Гавай алохасына арналды. Биылғы тақырып мейджик, яғни сиқыр. Бүгін мұнда сыйқырлы шара өтетін болады. Биыл қанша адам қатысқанын шара соңында анықтаймыз. Ал былтыр мыңға тарта адам шараға қатысқан болатын», - дейді ұйымдастырушылар.

5 шақырымға созылған Яркоросс марафонының соңында қатысушылар арасында түрлі ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді.