Тексеру барысында оның сөмкесінен 6 дана бір реттік доза салынған «синтетика» табылған.
ERNUR.KZ. Шымкентте есірткі жасырған қыз 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 жастағы бикешті Тұран АПБ-ның қызметкерлері ұстады. Тексеру барысында оның сөмкесінен 6 дана бір реттік доза салынған «синтетика» табылып, тәркіленді. Тағы екеуін жасырып үлгергені анықталды. Сондай-ақ, күдіктінің өзі де есірткі қабылдағаны белгілі болды.
Анықталғандай, ол есірткі салынған пакеттерді Шымкентте тарату үшін Тараздағы жасырын жерден алып кеткен.
Полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша іс қозғалып, тергеуді аяқталған соң осы жайт бойынша жинақталған материалдар сотқа жіберілген.
Сот азаматшаны есірткі заттарын өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырған.