Акция аясында 38 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары өшірілді.
3 ақпан күні Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп кезекті «Есірткіге жол жоқ» акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шара аясында Еңбекші ауданындағы Ақпан батыр, Түркістан, Майлы Қожа және Бетховен көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелерде 38 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары өшірілді.
Аталған іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.