Сайыс барысында ұлттық сусынды даярлау әдісі мен тәсілдері бойынша мықтылар анықталды.
Шымкенттегі Достық үйінде қымыз сапыруды кәсіп еткен азаматтар өзара сайысқа түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайыс барысында ұлттық сусынды даярлау әдісі мен тәсілдері бойынша мықтылар анықталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде өткен сайыста тек этнос өкілдерінің мүшелері бақ сынады.
Қазақтың қадір тұтқан құндылығын өміріне шырақ, тіршілігіне арқау еткен азаматтар, оның ішінде этностық топ өкілдері арамыздан көптеп табылуда. Аталған шараның мақсаты – қазақтың танымын, халқымыздың киелі құндылықтарын көпшілікке дәріптеу, олардың біріктірушілік әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстан халқын мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру.
Байқаудың қазылар алқасына кіл мықтының ішінен нағыз мықтыны анықтау оңай болған жоқ. Дегенмен, ұсынған қымызының даярлау әдісін, қымыз түрлері жөнінде кең мағлұмат берген азаматтар жоба жеңімпаздары атанды.