​Шымкентте гид-экскурсоводтар мен қонақ үй әкімшілеріне арналған семинар тренинг басталды

0
673

Аталған іс-шараның басты мақсаты - туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру.


​Шымкентте гид-экскурсоводтар мен қонақ үй әкімшілеріне арналған семинар тренинг басталды

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар тренинг басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның басты мақсаты - туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру. Іс-шараның басты серіктесі Rixos Khadisha Shymkent.

Семинар тренингтті бизнесті дамыту бойынша кеңесшілер, сату және брендті нарықта ілгерілету, топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар сертификатталған шетелдік коуч мамандар мен жергілікті білікті практиктер жүргізуде. Олардың қатарында Абдуллах Байрактар (Түркия), Юксель Туремез (Түркия), Тони Жу (БАӘ), Наргиз Саломова (Өзбекстан) бар. Аталған мамандар экскурсия жетекшілеріне саладағы жаңа әдістер, өзге елдер практикасы мен гидтердің негізгі қасиеттері туралы айтса, қонақ үй әкімшілеріне менеджмент, нақты нәтижелерге қол жеткізу, команданы басқару және тағы басқа да тың ақпараттарға ие болады.

«Шымкент туристік аймаққа бай. Экскурсия жүргізушілері сол туристік обьектілердің айнасы. Туристерді қызықтырып, қайта оралуына себепші болатын негізгі маман. Оларды оқыту туризм саласына қосылған үлкен инвестиция. Олар біздің семинарда саладағы негізі қағидалар мен ең мықты практикалық жаттығулардан өтеді. Нәтижесінде өз ісін жетік білетін маман болады», - деді тренинг жүргізушісі Наргиз Саломова.

Шымкентте 80 жуық гид-экскурсоводттар бар. Олардың барлығы да арнайы білімі бар, сертификатталған болуы қажет. Олардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығы мұндай шараларды жыл сайын ұйымдастыруды қолға алған.

«Шымкентке жыл басынан (3 ай бойынша жалпы келген туристер саны - 97 501. Резиденттер - 90 433 , резиденттер емес – 7068). Бұл көрсеткіш өңірімізде туризм саласының қарқынды дамып жатқандығының айқын дәлелі. Ал, келген туристі алдымен күтіп алатын қонақ үй өкілдері мен олардың қаланы танып-білуде экскурсия жүргізушілерінің біліктілік дәрежесі аса маңызды екені түсінікті деп ойлаймын. Екі сала өкілдерінің білімдерін жетілдеру арқылы біз қаламызда туристердің сапалы демалуына сеп боламыз», - деді «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының жетекшісі Ерлан Умаров.

Айта кетейік, аталған семинар-тренинг 5 күнге созылмақ. Шара соңында қатысушыларға біліктілігін жетілдіргені жөнінде сертификат табысталады.