Шымкентте игерілмеген жерлерге шара қолданылды

0
2 477

Қайтарылған жерге мектеп, жол, магистралдық және ішкі инженерлік жүйелерді құру мен өзге де маңызды нысандардың құрылысы жүргізіледі.


Шымкентте игерілмеген жерлерге шара қолданылды

Шымкент қаласында өткен жылы ауыл шаруашылық бағытындағы 62 608 гектар жерге түгендеу жүргізіліп, 9982 гектар жердің игерілмегені анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Игерілмеген жер иелеріне шара қолдану мақсатында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданған.


Қаланың даму жоспарына сәйкес сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 48 нысанның құрылысы үшін 3612 жер телімі мемлекет мұқтаждығына алу жоспарланып отыр.


Өткен жылы жердерді мемлекетке қайтаруға 3,7 млрд теңге қаржы жұмсалса, биыл 11,7 млрд теңге жоспарланып отыр. Қаланың бас жоспарына сәйкес қайтарылған жерге мектеп, жол, магистралдық және ішкі инженерлік жүйелерді құру мен өзге де маңызды нысандардың құрылысы жүргізіледі.