Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында алдағы күзгі, қысқы жауын-шашын маусымында су басудың алдын алу мақсатында кестеге сәйкес ирригациялық арықтарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мердігер мекеме «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан Елшібек батыр, Ерімбетов, Рысқұлов, Уәлиханов көшелері мен шағынаудандар аумағында орналасқан ирригациялық арықтар тазаланды.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады.