Бұл жаңбырдан кейінгі су басу қауіпінің алдын алады.
Шымкент қаласында ирригациялық арықтар тазалануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жаңбырдан кейінгі су басу қауіпінің алдын алады.
Әл-Фараби ауданы аумағында басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер қоқыстан тазартылуда.
Аталған жұмыстар «ЛТД Тұрмыс» мекемесі тарапынан жүргізіліп, оған 9 арнайы техника мен 83 адам жұмылдырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады.