Шымкентте кәмелетке толмағандар арасында 73 заңбұзушылық анықталды

0
874

Осы жылы кәмелетке толмағандар арасында 10 тексеру мен 15 талдау жүргізілген.


Шымкентте  кәмелетке толмағандар арасында 73 заңбұзушылық анықталды

Шымкентте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 23,9 пайызға азайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Прокуратурасының басқарма аға прокуроры Дәурен Бекембаев мәлімдеді.
– Шымкент қаласында осы жылы кәмелетке толмағандар арасында 10 тексеру мен 15 талдау жүргізіліп, 73 заңбұзушылық анықталды. Аталған құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында қала прокуратурасының мобильдік тобы 92 лекция, 6 рейд жүргізді. Қолданылған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 152-ден 132-ге, яғни 23,9 пайызға төмендеді. Ал кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 1,9 пайызға кеміді, – деді Дәурен Дәулетбайұлы.
Спикердің сөзінше, қашықтықтан оқыту тиімділігін арттыру мақсатында қала прокуратурасының ұсынуы бойынша Цифрландыру басқармасы тарапынан 4 шалғайда және 7 жақын аумақта орналасқан тұрғын алапқа интернеттің базалық станциясы орнатылған. Оған қоса, 7 тұрғын алапқа осындай станциялар орнату жөнінде ұялы байланыс операторларымен келісімшарт жасалған.