Бұл жұмыстар аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.
Шымкент қаласының барлық аудан аумағында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еңбекші ауданында тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін орталық көшелер мен ішкі орам жолдардағы 293 аялдама мен 155 шақырым аяқ жолдар қардан тазартылуда.
Сонымен қоса, Әл-Фараби ауданы аумағындағы 102 орталық маңызы бар және 302 ішкі орамдық көшелерде қардан тазарту жұмыстары қолға алынды.
Қар күреу жұмыстарына «Build stroi» ЖШС тарапынан 25 арнайы техника мен 110-ға жуық адам жұмылдырылды.
Сонымен қатар, аулаішілік аяқжолдар мен аялдамалардың қары тазалануда.
Аталған жұмыстар Абай ауданы аумағында да жалғасты. Орталық көшелер бойында, ішкі аулаларда 150 адам қар күреу жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы қардан тазарту жұмыстарына 35 техника жұмылдырылған.
Қаратау ауданы аумағында да қардан тазарту жұмыстары атқарылуда. Орталық көшелердегі аяқ жолдар, аялдамалар мен ішкі аулаларда тұрғындардың қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілуде.
Санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты - “Жасыл жер” ЖШС.
Жалпы аудандағы тазалық жұмыстарына 45 техника және 180-нен астам қызметкерлер жұмылдырылған.
Бұл жұмыстар аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.