Шымкентте карантин кезінде той ұйымдастырған азаматтар анықталды

0
2 548

«Ғажайып» тойханасында үйлену тойы өткен.


Шымкентте карантин кезінде той ұйымдастырған азаматтар анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері рейд жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың барысында «Ғажайып» тойханасында үйлену тойының өтіп жатқаны анықталды. Аталған жайт бойынша карантин талаптарын бұзған той ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425–бабы бойынша тиісті шара қолдану үшін жинақталған іс-құжаттар Әл-Фараби аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.