Мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 956-ға жектен.
Шымкент қаласында карантин режимі 22 маусымға дейін созылды. Мұның нақты себебін ҚРТауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы баспасөз брифингінде атады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Соңғы 5 күннің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 250 адамнан асты. Бұл 20 пайызды құрап отыр. Карантин мерзімін ұзартудағы басты себеп осы. Төтенше жағдай аяқталғалы, індет жұқтыру көрсеткіші жоғары болып кетті. Сомен қатар, 3,4 маусым күнінен бастап жұқтыру пайызы өсті. Ораза айт мерекесінде адамдар бір-бірін құттықтап, қарым-қатынас жасады. Сақтық шараларын сақтамаудың себебінен осындай көрсеткішке жеттік.", - дейді ҚРТауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішов.
Айта кетсек, бүгінде мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1176-ға жеткен.
Осыған байланысты, Шымкент қалалық бас санитарлық дәрігер карантин режимін 22 маусымға дейін ұзарту жөніндегі Қаулыға қол қойған болатын.
"1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
2. Қала тұрғындары, меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына карантин аяқталғанға дейін:
1) қоғамдық орындарында, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерінде және қызметі рұқсат етілген нысандарына барған кезде бетперделерді киіп, қолғаптарды киіп жүру (қызмет көрсету кезінде), антисептиктерді қолдану және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы бойынша талаптар қатаң сақталынсын. Халыққа қызмет көрсету нысандары қосымша өз қызметкерлерін біррет қолданатын қолғаптармен және қажеттілігіне сәйкес ауыстыру қамтамасыз етілсін;
2) аса қажеттіліксіз қала аумағында қозғалу шектелсін;
3) меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары, персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарын және шектеу шараларын сақтауға қатаң бақылау қамтамасыз етілсін.
3. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі жән автомобиль жолдары басқармасының басшысына, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысына, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелердің және үкіметтік емес ұйымдарының басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне:
1) қоғамдық автокөліктерге жолаушылар бетпердесіз кіргізілмесін;
2) қалада қоғамдық автокөліктердің қозғалысы жолаушылардың ағымын ескере отырып қамтамасыз етілсін (час пик);
3) қалада қоғамдық автокөліктердің орындарынан артық жолаушылар тасымалданбасын;
4) қоғамдық көліктерде санитариялық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтілсін;
5) Шымкент қаласының аумағындағы барлық базарларының (азық - түлік, азық-түлік емес, құрылыс тауарлары, автобөлшектер, автокөлік, мал базарлары) жұмыс уақытын сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектесін;
6) қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітілсін, орындықтарды орналастыру және басқада талаптардың қатаң орындалуы №37 БМСДҚ қаулының №17 қосымшасына сәйкес орындалсын;
7) кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары меншік нысанына қарамастан карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарының орындалуы күшейтілсін;
8) сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар,балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмесін.
4.Шымкент қаласының денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының басшыларына, Шымкент қаласының полиция департаменті бастығына:
1) денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оның ішінде ҰБТ өткізілетін кезде карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын күшейтуді қамтамасыз етілсін;
2) нысандарда және оларға қарасты аумақтарында адамдардың шоғырлануына жол берілмесін.
5. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың,ұлттық компаниялар және кеңселердің басшыларына 50% кем емес қызметкерлерді(штат бойынша 30 қызметкерден көп болғанда) қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне өткізуді №37БМСДҚ қаулының №23 қосымшасына сәйкес қамтамасыз етілсін.
6. Шымкент қаласының полиция департаменті бастығына, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті басшысына, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне,Шымкент қаласының аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшыларына:
1) шомылу, демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдасын;
2) көпшілік іс-шараларды жеке үйлерде және басқада орындарда (жалға алынған орындар, алаңдар, аулалар және т.б.) өткізілуіне жол бермеу шаралары қабылдансын." ,- делінген Қаулыда.