Шымкентте карантин мерзімі тағы созылды

0
2 653

Барлық базарлардың жұмыс уақыты шектелді.


Шымкентте карантин мерзімі тағы созылды

иллюстрациялық фото

Шымкент қаласында карантин мерзімі 22 маусымға дейін созылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың ҚАУЛЫСЫ шықты.

"2020 жылғы 8 маусымнан бастап 22 маусымға дейін Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

- Қоғамдық көліктерде санитарлық дезинфекциялық жұмыстар күшейтілсін.

- Шымкент қаласы аумағындағы барлық базарлардың (азық-түлік, азық түлік емес,құрылыс тауарлары, автокөлік, автобөлшектер, мал базары) жұмыс уақытын 6.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектесін," - делінген хабарламада.