Шымкентте карантин талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізілді

0
403

14 қыркүйек күні 424 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте карантин талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізілді
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топ 14 қыркүйек күні 424 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласында 14 қыркүйек күні КВИ-дің 128 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар - 101, белгілері жоқ - 27. Індет жұқтырған 73 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 55 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 953 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 1209 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 744 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 373 төсек орын бар, 148 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 7286 адам вакцина алды (I компонент-4933, II компонент-2353). Егу науқаны басталғалы барлығы 467 916 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 388 362 адам вакцинаның екі компонентін алды.