​Шымкентте карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

0
740

Қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері де жұмыс істейді.


​Шымкентте карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

Шымкентте карантиндік шектеу шараларын жеңілдетіп, қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаулыға сәйкес, сұлулық салондары, шаштараз, фитнес-орталықтары, монша, сауна, бассейн, ашық аспан астындағы кинотеатрлардың демалыс және мереке күндері, барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Қоғамдық көліктердің де демалыс және мереке күндері, уақыт шектеуімен (07:00 ден 21:00-ге дейін) жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Өңіраралық және шағын автобустардың жүруіне тыйым сол күйінде қалады.

Алайда ойын-сауық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық мерекелерді, жиналыстарды, жиындарды өткізуге тыйым сақталады.

Қаулының мәтінімен мына жерден танысуға болады.