Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзған клуб анықталды

0
2 617

Ойынхана карантин режимин бұзып, жұмысын жалғастырған.


Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзған клуб анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттегі кәсіпкерлік нысандарға бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Карантиндік шектеулерді елемей, жұмысын жалғастырып жатқан кәсіпкерлік нысандары толастар емес. Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары компьютерлік ойынханасының жұмыс жасап жатқанын анықтады.

Шымкент каласы Мәделі Қожа көшесінде орналасқан ойынхана карантин режимин бұзып жұмысын жалғастырған. Тәртіп сақшылары жұмысын алаңсыз жалғастырған нысан иесінен түсініктеме алды.

Аталған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

«Карантин режиміне қарамастан, бетпердесіз қоғамдық орында жүрген және жұмысын алаңсыз жалғастырып жатқан кәсіпкерлік нысандарына бақылау күшейтілуде. Әсіресе компьютерлік клубтар мен ойынханалар қаулы ережелерін өрескел бұзуда», - дейді Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Асқар Бекжігітов.