Шымкентте карантиндік талаптардың сақталуы бойынша рейд ұйымдастырылды

0
465

Өткен тәулікте 662 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте карантиндік талаптардың сақталуы бойынша рейд ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында арнайы құрылған мониторингтік топ жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін аудан аумағында орналасқан 22 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды. Бұл жұмыстар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту мақсатында жүргізіліп отыр.
Карантиндік режимге байланысты тойхана иелеріне той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды. Жалпы мониторинг жұмыстары нәтижесінде анықталған кемшіліктерге хаттамалар толтырып, құзырлы мекемелерге заң шеңберінде жолданатын болады.
Шымкент қаласы бойынша өткен тәулікте 662 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.