Шымкентте қараусыз қалған ғимараттан жіпке асылып тұрған жігіттің мәйіті табылды

0
778

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.


Шымкентте қараусыз қалған ғимараттан жіпке асылып тұрған жігіттің мәйіті табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында қараусыз қалған ғимараттан жіпке асылып тұрған жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 21 шілде күні Еңбекші ауданының Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы ер азаматтың жіпке асылып, қайтыс болғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 105-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.