Кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Қала әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуде кәріз жүйесімен қамту жұмыстарының барысына тоқталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еңбекші ауданында 34 467 абонент (52 пайыз) кәрізбен қамтылған. Қамтылмағаны – 28 502 (43 пайыз), жекеменшікте – 3 314 абонент (5 пайыз).
Қазіргі таңда Еңбекші ауданында Ұлағат (2248 абонент), Мирас, Шапағат-2 (1690 абонент), Солтүстік-шығыс (480 абонент), Жұлдыз тұрғын алабында (260 абонент) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдарға жоспарланған.
Қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Еңбекші ауданында жыл соңына дейін кәрізбен қамтылу көрсеткіші 59 %-ға өседі.