Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 060,0 млн. теңге қаржы қаралған.
Шымкентте
кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы - республиканың ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Өнеркәсіп саласында 719 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда. Оның 24-і ірі, 49-ы орта кәсіпорын. Онда 32,6 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев брифинг барысында мәлімдеді.
- Қазіргі таңда 58 млн. теңгеге 6 жоба қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2021 жылға 3 376 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 3 376 млн. теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге бойынша 200 млн. теңге. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 81,6 млрд. теңгеге 82 кәсіпорыннан өтініш түсті. Екінші деңгейлі банктермен 46,2 млрд. теңгеге 59 жобаға қолдау көрсетілді, - деді қала әкімінің орынбасары.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 2 396,0 млн. теңге бөлінді. 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлінген.
Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өтінім тапсыру қажет.
Сонымен қатар, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Мен кәсіпкер боламын» арнайы іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10,0 млн. теңгеге дейін 1%-дық несиелер беріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 060,0 млн. теңге қаржы қаралған.
Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша толық мәліметтерді «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» арқылы алуға болады.