Шымкентте кәсіпкерлік нысандарды тексеру жұмыстары күшейтілді

0
439

Нысандардың жұмыс уақыты мен карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.


Шымкентте кәсіпкерлік нысандарды тексеру жұмыстары күшейтілді

Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі №22 қаулысына сәйкес Абай ауданы бойынша құрылған мобильдік топтың құрамына тиісті қалалық басқарманың өкілдері енгізіліп, жұмысы жандандырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мобильдік топ бүгінде аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың, оның ішінде базарлар, қоғамдық тамақтану орындарына және тағы да басқа нысандардың жұмыс уақыты мен карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы аудан бойынша маусым айынан бері 2221 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған 113 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазіргі эпидахуалға байланысты Шымкент қаласында карантин талаптары күшейтілді.