Әлеуметтік нысандарда электрмен қамтамасыз ету үшін электргенератор пайдалану ұсынылады.
Шымкентте Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы жалғасуда. Жобаға сәйкес қуаттылығы 110 кВ электр желісінің орнын ауыстыру көзделіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Желіні ауыстыру жұмысы 26 желтоқсан күні сағат 06:00 13:00-ге дейін атқарылады. Осыған байланысты төменде аталған шағынаудандарда электр қуаты уақытша сөндіріледі.
Абай ауданы бойынша: Қызылжар, Жайлау, Қатын көпір, шағын ауданы, Тельман, Ақ ниет, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Құйбішев, Көкжайлау, Агропром, Самал-1,2,4 шағын аудандары;
Қаратау ауданы бойынша: Қайнар бұлақ, Достық, Қайтпас-1,2, Ақжайық, Азат, Нұрсәт, Түркістан, Тұран, Ұлағат, Қара жол, Мирас;
Еңбекші ауданы бойынша: 18 шағын ауданы, 17 шағын ауданы, Шығыс, Солтүстік, кіші Самал, Сайрам;
Әл-Фараби ауданы бойынша: Спорт шағын ауданы, Талапкерлер қалашығы, Наурыз, Отырар, Тұран, көшелер бойынша: Байтұрсынов, Қонаев, Арғынбеков, Төлеметов, Рысқұлов, Бәдібек би, Жібек жолы, Төреқұлов, Қазыбек би, Әл-Фараби, Дулати, Алматы трассасы, Желтоқсан, Шаяхметов, Ерімбетов, Тәуке хан, Қазиев, Адырбеков, Мәделі қожа.
Әлеуметтік нысандарда электрмен қамтамасыз ету үшін электргенератор пайдалану ұсынылады.