4 желтоқсан күні сағат 00:00 – ден 07:00-ге дейін өшіріледі.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында кейбір аудандарда электр желісі уақытша өшіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкенттегі Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың ортасынан өтетін қуаттылығы 110 кВ электр желісінің орнын ауыстыру жұмыстары жоспарланған.
Жаңадан салынған 110 кВ электр желісін қосып, айналма желісін өшіру қажет. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес 4 желтоқсан күні сағат 00:00 –ден 07:00-ге дейін орындалады.
Осыған орай аталған шағын аудандарда электр желісі уақытша өшіріледі:
- Самал - 2, 3, Асар, Достық, Ақжайық, Шұғыла, Солтүстік-Батыс, Отау, Көкжайлау, Нұрсат, Қайтпас, Нұртас, ШымСити, Тұран және Әкімшілік іскерлік орталығы, Н.Назарбаев даңғылы, Шаяхметов, Арғынбеков көшелері.
Әлеуметтік нысандардағы электр энергия өндіру құрылғыларының (электргенератор) жұмысқа дайындығын тексеруді сұраймыз:
- Нұрсат шағын ауданы, Н.Назарбаев даңғылы – Әкімшілік іскерлік орталығы, Тұран шағын ауданы, ШымСити А-2 – ШымСити жылу қазандығы, Отау шағын ауданы, Төлеметов көшесі – Отау шағын ауданы жылу қазандығы, Тұран шағын ауданы, Бәйдібек би көшесі – НьюСити жылу қазандығы, Көкжайлау шағын ауданы, Төлеметов көшесі – Көкжайлау жылу қазандығы, Отау шағын ауданы, Төлеметов көшесі – ОтауМед медециналық орталығы, Нұрсат шағын ауданы Бәйтереков көшесі – №3 Емхана, Нұрсат шағын ауданы Құлагер көшесі – Атамекен медециналық орталығы.